Меню KDT

kz ru виртуалды қабылдау

Атамекен кенті

Балабақша №36

deco
Жаңалықтар
 
Үлкен үзіліске қала мектептерінің 12 командасы қатысты

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2024 жылғы 1 сәуірде онлайн форматта «Үлкен үзіліс - 2024» жобасының «Бізге және айналамызға мейірімділік» VI турын өткізді. Қаланың № 7, 14, 17, 26, 33, 35, 39, А. Байтұрсынов атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ 5 - 9 сынып оқушыларынан құралған 12 команда, бесінші тур жеңімпаздары қатысты.

            Байқау шарттары бойынша қатысушылар оқу жылы ішінде мектептің, сыныптардың игі істеріне қатысу туралы бейнематериалдарды қорғады. Ережеге сәйкес бейнематериалдар экология және табиғатты қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалар үйлерінің, жануарларға арналған баспаналардың тәрбиеленушілеріне көңіл бөлу және қамқорлық көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарында ұсынылған.

        Алтыншы кезеңнің қорытындысы бойынша № 7, 4, Ж. Тәшенев атындағы, Жетекші ЖОМ командалары жобадан ең аз ұпай  жинады, 8 мектептен қалған командалар «Біздің бірегей сыныбымыз» 7-ші қорытынды турында кездеседі.

 
Фвтор: orazali.haldybek
Қосылды: 12.06.2024 в 16:10
Көріністер: 24
Артқа